Хабарландыру!

stay

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін ашық талқылауға байланысты «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) жоспарланған талдау нәтижелерін жария түрде талқылайтынын хабарлайды.

Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Серіктестік қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (ЖШС алдыңғы 12 айда қабылдаған) және Серіктестіктің қызметіне әсер ететін ішкі құжаттарда;

2) Ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

4) Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5) Бақылау шараларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

6) Өзге де функцияларды іске асыруда, ұйымдастыру-басқару қызметінде туындайтын мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

7) Қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардан атсалысуды сұраймыз.

Талқылау 2024 жылғы 10 маусым күні, сағат 11.00-де Астана қаласы, Ә.Мәмбетов көшесі 24, «Аффари» бизнес орталығы, 603 кеңседе өтеді.  Байланыс телефоны: 8-701-244-15-37.