2018 жылдың 22 маусымында Астана қаласының Әкімшілігі, «Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ атынан, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, «Астана қаласында ақылды көше жарықтандыруын жасау және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптесті таңдау бойынша сайыс өтетіндігі туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасының объектісі:
Астана қаласында ақылды көше жарықтандыру жүйесі, оны жасау және пайдалану сайыс құжаттамасымен қарастырылған.
Сайысқа «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 б. Және жекешелік әріптесті таңдау бойынша сайыс құжаттамасында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Қатысу және сайыс ұйымдастырушысына ұсыну үшін әлеуетті қатысушыларға талаптар мен қажетті құжаттардың тізімі сайыс құжаттамасында көрсетілген.
Сайыс құжаттамасы көшірмелерінің пакетін сағат 8-30 бастап 13-00 дейін және сағат 14-30 бастап 18-00 дейін сайысты өткізу туралы осы хабарландыруды жариялау сәтінен бастап келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қошқарбаева к-сі ½, 302 каб., «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы».
Сайыс құжаттамасы көшірмелерінің пакеті тегін түрде беріледі.
Сайысқа қатысуға сайыстық өтініштер, сонымен қатар конверттерге салынған біліктілік іріктеуге арналған құжаттар әлеуетті қатысушылармен «Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқарамасы» МБ арнайы түрде келесі мекен-жай бойынша беріледі: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, №611 каб.
Әлеуетті жекешелік әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тапсыру мерзімі – Астана қ. уақыты бойынша 2018 ж. 31 шілде сағат 15.00 дейін.
Сайысқа қатысу үшін сайыс өтініштерін берудің соңғы мерзімі - Астана қ. уақыты бойынша 2018 ж. 31 шілде сағат 11.00 дейін.
Сайыстық өтініштер салынған конвертті ашу Астана қ. уақыты бойынша сағат 15.00, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, №611 кабинет мекен-жайы бойынша жүргізіледі.
Анықтамалық ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 64 72 07, +77052925719.