Корпоративтік және реттеушілік қатынастар жөніндегі директор
Алима Исембаева
«Алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі ретінде біз экономикалық өсуді тұрақты қалпына келтіру үшін уақтылы жасалған жағдайларды пайдалана отырып, ел үкіметінің сәтті экономикалық биіктіктері мен қиындықтарының куәсі болдық. Сондықтан, ең қиын кезеңдерде де біз жаңа тауашаларды сенімді түрде игердік.
Бүгінгі таңда, Қазақстандағы оң тәжірибені ескере отырып, компания сәтті аяқталған және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жобаларды белсенді түрде дамытып, ел экономикасының дамуына өз үлесін қосуға ниетті.
Сондай-ақ, біз Қазақстан үкіметінің, атап айтқанда Астана қаласы әкімдігінің қолдауынсыз біздің қызметімізде осындай әсерлі нәтижелерге қол жеткізе алмайтынымызды атап өткім келеді».
«Selena» компаниялар тобы - полиуретанды көбік өндіретін әлемдік үш ірі компаниялардың бірі. Біз әр түрлі нарықтарда жұмыс жасаймыз - Польша, Қазақстан, Қытай, АҚШ, Бразилия және Ресейде.
Қазақстанда компания өз жұмысын 2002 жылы жергілікті нарыққа өнімді жеткізуден бастады. 2016 жылдың желтоқсан айында «TYTAN» брендімен ғимараттарды жылу оқшаулау үшін дисперсті және құрғақ мамандандырылған құрылыс қоспалары мен бұйымдарын шығаратын Астана қаласында «Selena Insulations» зауыты іске қосылды.
TYTAN нарықта көшбасшы бола отырып, сапа мен сенімділіктің синонимі болып табылатын кәсіби мамандардың анықтамалық бренді ретінде танылды. Өнім өндірісінде тек сертификатталған және тексерілген материалдар пайдаланылатындығын ескерген жөн.
Біз Қазақстандағы жаңа өндірістерге қаражатты қайта инвестициялауға мүдделіміз, және бүгінгі таңда инвесторлардың елде жұмыс істеуі үшін жақсы жағдайлар жасалған деп санаймыз».
Бас директор
Сауле Шауенова
«Astana Ютария Ltd» - жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару, техникалық реттеу саласындағы стандарттарды әзірлеу және тұтынушыларға арналған киім-кешек, трикотаж бұйымдарын шығару саласындағы жетекші компаниялардың бірі.
Компанияның басым бағыты - импортты алмастыруды дамыту және заманауи технологиялар мен жаңа өндірістерге инвестициялау арқылы экспорттық әлеуетті жүзеге асыру.
Компаниялар тобы жеңіл өнеркәсіпті дамыту саласындағы жаңа технологияларды, әзірлемелер мен инновацияларды қолданады, компанияның өндірісіне 10 миллион доллардан астам қаражат инвестицияланды».
«Astana Ютария Ltd» ЖШС - Қазақстанның астанасында орналасқан еркін экономикалық аймақтың ірі инвесторы.
Бас директордың орынбасары
Абиюр Алшимбаев
«Қазақстандағы қорғаныс өнеркәсібіне алғашқы инвесторлардың бірі болып табылатын компания, Қазақстанда 2011 жылы бірлескен Қазақстан-Түрік «Қазақстан Aselsan инжиниринг» компаниясы құрылып, жұмысын бастады.
Осындай жоба алғаш рет Қазақстанда және ТМД-да жүзеге асырылды. Кәсіпорын бірегей және жоғары технологиялы, және технологияның ерекшелігі - өзінің электрондық-оптикалық өнімдер өндірісінің арқасында Қазақстан осы технология мен ноу-хауды иеленетін 10 елдің қатарына кіреді.
Қазіргі уақытта компания өндірістік желілерді орнатып, зауыттың жобалық қуатына сәйкес өндіріс процесін бастады.
Қазыргі таңда, өткен жылдардың оң тәжірибесін ескере отырып, біз қуаттылықты одан әрі дамытуға және ұлғайтуға тырысудамыз, сол арқылы Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесімізді қосамыз».