2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қала көлігімен 6 млн.тоннаға жуық жүк тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артық (5,8 млн. тонна) - автомобиль көлігі. Теміржол көлігімен 17,7 млн. тонна жүк пен багаж тасымалданды. 2,6 млн. жолаушы тасымалданды. |
|
АСТАНА - негізгі теміржол және автомобиль магистральдары өтетін ІРІ КӨЛІК ТОРАБЫ.
Қала "Орталық - Шығыс", "Орталық - Оңтүстік", "Орталық - Батыс" автожолдарының өңіраралық желісінің жобаларын іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының барлық макроөңірлерін байланыстыратын Солтүстік хабқа айналады.
Қаланың 1000 км. аймағында:
Ресей Федерациясының 6 ірі аймақ: Омбы - 1 832 064 адам, Новосібір - 2 794 266 адам, Қорған - 761 586 адам, Челябинск - 3 407 145 адам, Тюмень - 3 851 234 адам, Свердлов облыстары - 4 239 161 адам (16,8 млн. адам), оған бір тәулік ішінде автомобиль көлігімен жетуге болады;
Қазақстан Республикасының 5 аймақ: Қарағанды – 1 136,2 мың адам, Қостанай - 831,9 мың адам, Павлодар – 755,5 мың адам, Ақмола - 788,7 мың адам және Солтүстік Қазақстан облысы - 533,1 мың адам (4 млн.адам), сондай-ақ елорданың ішкі нарығы (1.3 млн. адам).
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ деректері бойынша
Ауданы-70 892 м2
2023 жылдың 7 айында жолаушылар ағыны 4 млн 043 адамды құрады (2022 жылы - 6 млн)
Тәулігіне орта есеппен 83 ұшу-қону операциясы
Жолақтың ұзындығы 3500 метр, ені 45 метр
"Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ деректері бойынша
Қала шекараларында теміржол жолдарының ұзындығы 258,4 км құрайды, оның ішінде негізгі жолдар – 96,6 км. және станциялық жолдар - 161,8 км.
Астана қаласында 2 теміржол вокзалы:
o Астана қаласының Теміржол вокзалы
o "Нұрлы Жол"Теміржол вокзалы
Вокзалдардың орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 14 652 адамды құрады
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ деректері бойынша
"Сапаржай-Астана" ЖШС сайтының деректері бойынша
Астана қаласы арқылы 2 халықаралық автомобиль дәлізі өтеді:
• М36 РФ шекарасы (Екатеринбург - Челябинск) – Қостанай– Астана – Қарағанды-Алматы - ҚХР шекарасы;
o Ұзындығы 2042 км М-36 жолы E125 (Ресей-Қазақстан-Қырғызстан), E016, E123 (Ресей-Қазақстан-Өзбекстан-Тәжікстан) еуропалық маршрутының және АН60, АН7 (Ресей-Қазақстан-Қырғызстан-Өзбекстан-Тәжікстан-Пәкістан) Азия маршрутының бөлігі болып табылады.
* А1 РФ шекарасы – Петропавл - Астана;
o Қазақстанның автомобиль жолы, ұзындығы 452 км. Еуропалық E125 маршрутының бөлігі болып табылады.