Құрылған күні: 2026

Қуаттылық: Зауыттың жобалық қуаты жылына 15–20 дана ALEM аппараты, шамамен 6 млн биоматериал сынамаларын алуға арналған контейнер және 45 мың дренаждық құрылғы шығаруға мүмкіндік береді

Өнімдер: Дренаждық құрылғылар
Биоматериал сынамаларын алуға арналған контейнерлер
ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) аппараты

Медициналық мақсаттағы пластикалық бұйымдарды өндіру

Жоба №1 Индустриялық парк аумағында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылуда. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 5,1 млрд теңгені құрайды.

Кәсіпорынның негізгі өнімі – ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) аппараты болады.

Бұл – донорлық ағзаларды сақтау, қалпына келтіру және тасымалдауға арналған қазақстандық инженерлер мен дәрігерлердің бірегей әзірлемесі. Технология донорлық ағзаны сақтау мерзімін бірнеше сағаттан бір тәулікке және одан да ұзақ уақытқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл отандық трансплантологияның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өндірісте Атырау қаласындағы KPI зауытында өндірілетін отандық пластик түйіршіктерін пайдалану жоспарланып отыр. Бұл медициналық бұйымдарды өндіру деңгейіндегі жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Heart Center Foundation

Байланыс телефоны: +7 (771) 072 45 65
Мекенжай: Астана қ., Индустриялық парк №1, Кенсаз 15
Веб-сайт: https://hcf.kz/ru

Тізімге оралу