Құрылған күні: 2026

Қуаттылық: Жылына шамамен 200 дана өнім

Өнімдер: Полипропиленнен блокты-модульді тазарту құрылыстары (ЛОС, КОС, КНС)

Блокты-модульді тазарту құрылыстары

TAZAU тазарту құрылыстары зауыты – тұрмыстық, өндірістік және жауын-шашын ағынды суларын тазартуға арналған блокты-модульдік жүйелерді, сондай-ақ сыртқы инженерлік желілерге арналған жабдықтарды өндіруге маманданған қазақстандық кәсіпорын.

Ол заманауи технологияларды қолдана отырып, полипропиленнен жергілікті тазарту құрылыстарын (ЛОС), кәріздік тазарту құрылыстарын (КОС) және кәріздік сорғы станцияларын (КНС) өндіреді. Қолданылатын инновациялық технологиялар ағынды суларды жоғары деңгейде тазартып, пайдалану шығындарын барынша азайтуға мүмкіндік береді. 

Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 200 бірлікке дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыруға 510 млн теңге инвестиция тартылып, 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан мен ТМД елдерінде жобаларды табысты жүзеге асырып, ағынды суларды тазарту саласында сенімді әрі тиімді шешімдер ұсынып келеді. Өнімнің жоғары сапасы инновациялық технологияларды қолдану, заманауи өндірістік үдерістер және жоғары білікті мамандар командасының кәсіби тәжірибесі арқылы қамтамасыз етіледі.


TAZAU

Байланыс телефоны: +7 (707) 297 23 21
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Индустриялық парк №1, Ақжол 93Б
Веб-сайт: https://tazau.kz/

Тізімге оралу