Құрылған күні: 2021

Қуаттылық:

Жылына 7000 дана

Өнімдер:

Өнімдері — сиролимуспен қапталған коронарлық стент жүйелері және ЧТКА (жүрек тамырларын транслюминальды коронарлық ангиопластика) үшін дилатациялық катетерлер

Өнімдері — сиролимуспен қапталған коронарлық стент жүйелері және ЧТКА (жүрек тамырларын транслюминальды коронарлық ангиопластика) үшін дилатациялық катетерлер

IHT Central Asia — медициналық бұйымдар өндіретін қазақстандық-испандық бірлескен кәсіпорын

Миссиясы IHT Central Asia компаниясы медицина саласы мамандарына пациенттердің денсаулығын тиімді және қолжетімді қорғауға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді әзірлейді және өндіреді. Стратегиясы IHT Central Asia стратегиясы негізін қалаушылар мен денсаулық сақтау саласындағы үздік мамандар арасындағы білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ инновациялық өнімдерді дамыту мақсатында жаңа буындағы технологиялар мен материалдарды қолдануға негізделген. Негізгі бағыттар: Iberhospitex (Испания) технологияларын Қазақстанға трансферттеу; Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық; Өнімді Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан), сондай-ақ Кавказ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне диверсификациялау және экспорттау. IHT Central Asia – Қазақстан үшін Медициналық шығын материалдарын импортты алмастыру және шығындарды оңтайландыру; Жоғары медициналық технологияларды трансферттеу – медициналық өнеркәсіп пен денсаулық сақтау саласына енгізу; Қазақстандық денсаулық сақтау мамандарының Еуропалық Одақ пен АҚШ әріптестерімен бірлескен халықаралық зерттеулерге қатысуы; Өнімді Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттау; Дамыған елдердің компанияларымен денсаулық сақтау технологияларын трансферттеу жөніндегі келісімдер жасау. 

IHT Central Asia

Байланыс телефоны: +7(7172)308-727 +7 (7172) 406-835
Мекенжай: Астанақаласы, НазарбаевУниверситетінің технопаркі, Қабанбайбатыр даңғылы, 53, 13-блок

Тізімге оралу