Құрылған күні: 2023
Қуаттылық:
2025 жылғы желтоқсанға 557 дейін жолаушылар вагонын өндіруді жүзеге асырады
Өнімдер:
Теміржол машина жасау
«Штадлер Қазақстан» ЖШС — теміржол машина жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатын швейцариялық Stadler Rail концернінің еншілес кәсіпорны. Компания өз қызметін 2023 жылы ресми түрде бастады, осылайша Орталық Азиядағы концерннің алғашқы зауытына айналды.Өндірістің барлық кезеңдері — болат кузовтарды дәнекерлеуден және бояудан бастап, пневматикалық және электрлік компоненттерді орнатуға дейін — Астана қаласындағы зауыт базасында толық локализацияланған және жүзеге асырылады.«Жолаушылар тасымалдау» АҚ-пен жасалған келісім аясында «Штадлер Қазақстан» ЖШС 557 жолаушылар вагонын – купелік және плацкарт үлгілерін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған вагондар мен генераторлық вагондарды өндіруді жүзеге асыруда.Stadler концернінің технологиясы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген алғашқы отандық вагондар 2025 жылғы желтоқсан айында жеткізіледі.