Құрылған күні: 2009

Қуаттылық:

Жолаушылар лифттері - 151 дана/жыл

Өнімдер:

Жолаушылар лифттерін өндіру және қызмет көрсету

Жолаушылар лифттерін өндіру зауыты

«ЛС Групп» компаниялар тобы 2009 жылдан бері нарықта жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде компания үлкен тәжірибе жинақтап қана қоймай, лифт және эскалатор жабдықтары саласында сенімді серіктес ретінде өзін танытты.

Компания кез келген типтегі және күрделіктегі лифттерді, эскалаторлар мен траволаторларды сату және қызмет көрсету саласында қызмет көрсетеді, сондай-ақ олардың жобалану, құрылыс және жаңғырту жұмыстарын орындайды.Компания ұзақ уақыт бойы әлемге әйгілі лифт жабдықтарын өндірушілер — Wittur, Schindler, Kone, BKG, NBSL және т.б. ірі брендтермен жемісті ынтымақтастықта. Персоналдың біліктілігін үнемі арттыра отырып, мамандарын аталмыш зауыттарда оқытады.

Лифт немесе эскалатор жабдығын ұсынғанда, компания тек тапсырыс берушінің қалауын, оның бюджетін және нысандардың техникалық мүмкіндіктерін ескереді. Кең ауқымды қызметтер, түрлі жабдықтар мен компанияның мол тәжірибесі тапсырыс берушінің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

ЛС Групп

Байланыс телефоны: +7 (7172) 615757
Мекенжай: Астана қаласы, Индустриалды парк, Кенсаз көшесі 1/1
Веб-сайт: http://www.lsgroup.kz/

Тізімге оралу