Құрылған күні: 2012
Қуаттылық:
70 000 жылына адамсағат
Өнімдер: Ұшақтарды регламенттелген жөндеу
Астанa қаласында Авиациялық-техникалық орталықты құру жобасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 30 қарашадағы шешімімен «Қазақстандық авиация индустриясы» ЖШС құрылды
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы штат толық жасақталған және жүктеме барынша жоғары болған жағдайда жылына шамамен 70 000 адам-сағатты құрайды. Бұл көлем С-295 ұшағының екі бірлігіне күрделі жөндеу жүргізуге (8-Y check) немесе Ан-74 ұшағының төрт бірлігіне техникалық қызмет көрсету (72 нысаны) жұмыстарына баламалы.