Құрылған күні: 2022
Қуаттылық:
	1кезең: 2,5 млн
	респиратор бірлігі жылына
	2 кезең: жылына 10 млн респиратор бірлігіне дейін 
Өнімдер:
Тыныс алу органдарын жеке қорғайтын құралдарды өндіру
Кәсіпорын Орталық Азиядағы ең ірі респиратор өндірушілерінің бірі болып табылады және толық автоматтандырылған желілер арқылы жоғары сапалы гидрозарядталған сүзгілерді пайдалана отырып, әртүрлі қорғаныс деңгейіндегі (FFP1, FFP2, FFP3 және белсендірілген көмір қабаты бар) респираторлар өндірумен айналысады. Бұл сүзгілер қазіргі таңда әлемдегі ең тиімді сүзгілердің бірі болып саналады. Өндіріс жоғары білікті мамандардың жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Он бес жылдан астам тәжірибесі бар Түркияның MFA MASKE TİCARET SANAYİ A.Ş. компаниясының негізін қалаушы ретінде, біздің өнімдеріміз еуропалық стандарттарға сай шығарылады. MFA бренді — әлемдегі жоғары сапалы респиратор өндірушілерінің алғашқы үштігіне кіреді.
Қазіргі уақытта тыныс алу клапаны бар және клапансыз әртүрлі деңгейдегі қорғанысы бар тоғыздан астам респиратор (жартылай маска) үлгісі, сондай-ақ сүзгіштері (патрондары) бар толық бетперделер мен жартылай бетперде түріндегі противогаздар өндірілуде. Жақын арада өнім түрлері кеңейтіліп, жаңа жабдықтар сатып алынады, бұл өндірістік қуаттылықты арттыруға мүмкіндік береді.