Құрылған күні: 2022
Қуаттылық:
Витраждар мен терезелер 28 340 м2/год
Мед. Жабдықтар 19 680 шт./год
Мед. және кеңсе жиһазы 560 шт./год
Металлоконструкция 1800 тонн/ 130 000 м2/ 288 дн./жыл
Өнімдер:
Көпсалалы зауыт
ATM Construction & Investment – YDA Group құрамына кіретін және Астанадағы ірі көпсалалы өндірістік кешендердің бірі болып табылатын компания. Кәсіпорын отандық өнеркәсіп өндірісін дамытуға және «кілтпен тапсыру» форматындағы кешенді шешімдерді ұсынуға бағытталған.
Бүгінде кешен аумағында бірыңғай технологиялық жүйеге біріктірілген алты өндірістік цех жұмыс істейді. Кәсіпорынның жалпы жабық өндірістік аумағы 40 000 м²-ден асады, ал жер телімінің көлемі 12 гектарды құрайды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 47 миллион АҚШ долларынан асады.
Компания инженерлік әзірлеу, жобалау, өндіру, монтаждау және іске қосу жұмыстарының толық циклін өз күшімен жүзеге асырады. Өндірістік қуаттар ПВХ және алюминий терезе-витраж конструкцияларын, медициналық газ жабдықтарын, медициналық техника мен аурухана жиһаздарын, кеңсе және мектеп жиһаздарын, құрастырмалы ғимараттар мен металл конструкцияларын, сондай-ақ өнеркәсіптік қазандықтар мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды өндіруді қамтиды.
ATM Construction & Investment отандық өндірісті дамытуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге және халықаралық сапа стандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөледі. Кәсіпорын ISO 13485, ASME және EN халықаралық сапа сертификаттарына ие.
Қазіргі таңда кәсіпорында 300 қызметкер еңбек етеді. Компания заманауи жұмыс орындарын құру және стратегиялық маңызды салаларда жергілікті өндірісті дамыту арқылы Қазақстанның өндірістік әлеуетін нығайтуды жалғастырып келеді.