Құрылған күні: 2013
Қуаттылық:
160 000 жылына бірлік
Өнімдер:
Жиһаз
"Avalon-k" ЖШС жиһаз фабрикасы — Қазақстандағы жиһаз өндіруші ірі компаниялардың бірі. "AVALON-K" ЖШС — 16 жылдық тәжірибесі бар, жиһаз өндірісінде қарқынды дамып келе жатқан компания.
Фабриканың өндірістік алаңы 6000 м²-ден асады. Қазіргі таңда фабрикада 135 қызметкер жұмыс істейді. Олардың ішінде негізгі мамандар ретінде: инженер-технолог, сәулетші, сапа бақылау инженері, еңбекті қорғау инженері және басқа да жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Компания 4500-ден астам жобаны сәтті жүзеге асырған. Тұрақты тапсырыс берушілер қатарында "Базис-А", "BI Group", "Arabtec", "Найза Құрылыс", "Mabetex Group" және басқа да құрылыс компаниялары бар.
Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыстар аясында жобалар орындалған.Фабрика Германияның "Hettich" компаниясының фурнитурасының дистрибьюторы болып табылады, бұл біздің өніміміздің сапасының жоғары екенін дәлелдейді.