Құрылған күні: 2019
Қуаттылық:
2,5 млн жылына флаконнан астам
Өнімдер:
Парфюмериялық өнім өндіру
«АРОМАТ (АРОМАТ)» ЖШС — Орта Азиядағы толық өндіріс циклі бар жалғыз парфюмерлік зауыт болып табылады. Зауыт Астана қаласындағы Индустриялық парк аумағында орналасқан және 2019 жылдан бері жұмыс істейді.
Өндіріс процестері автоматтандырылған түрде Түркиялық жабдықтарда жүзеге асырылады, сонымен қатар Еуропалық өндірушілердің құрамдас бөліктері қолданылады. Қазіргі уақытта кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 2,5 миллион бөтелкеге дейін жетеді. Өнім ассортиментіне парфюмерлік су (350-ден астам хош иіс түрлері), автопарфюм, бөлме және балалар парфюмериясы кіреді.
Компания шығарылған өнімдерінің 80%-ын экспорттайды. Өндірістік қуатты 2-3 есеге арттыру жоспарлануда, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерінің нарықтарына шығу стратегиясы әзірленуде. Қолданыстағы нарықтар кеңейтілу үстінде.