Құрылған күні: 2020
Қуаттылық:
	Ерігіштер – жылына 576 000 л.
	Ашық пеш отыны – жылына 870 000 л.
Өнімдер:
Резеңке және пластмасса бұйымдары
«Біріккен Консолидациялық Орталық»ЖШС сәтті жұмыс тәжірибесі барысында АО «ҰК «Қазақстан Темір Жолы» жүзеге асыратын вагондар мен контейнерлердегі жүктерді тасымалдау кезінде олардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосты. Бұл Қазақстан Республикасының аумағында ішкі теміржол қатынасында да, Қазақстан Республикасынан тыс мемлекетаралық қатынаста да жүктердің қауіпсіз сақталуы мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде берік негіз қалады.
Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары:Құлыптау және пломбалау құрылғыларын (бұдан әрі — ҚПҚ) сату;Контрольді-индикаторлық пломбаларды (бұдан әрі — КИП) сату;Құлыптау және пломбалау құрылғыларын автоматтандырылған есепке алу, сақтау, қолдану және жоюды ұйымдастыру;
Пойыздар мен вагондарды коммерциялық тексерудің автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі — АСКО ПВ) орнату.
Жабық вагондардағы жүктерді ауадағы бекіткіш пакеттер — «пневмоқапшықтар» арқылы бөлшектеу, бекіту және бөлу заманауи технологиясын енгізу.Сонымен қатар, бүгінгі таңда компания жүк жөнелтушілерге арналған Құлыптау-пломбалау құрылғыларының (ҚПҚ) электрондық есеп журналы әзірлеп, енгізді. Бұл журналды қолдану жүк жөнелтушілерге ҚПҚны пайдалану есебін жүргізуге, ҚПҚ-ның ұрлануын және қайта сатылуын болдырмауға, сондай-ақ болашақта ҚПҚ сатып алу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.