Astana Invest ұйымында Басқарма Төрағасының орынбасары Әуез Тыныбековтың жетекшілігімен Беларусь Республикасының делегациясымен кездесу өтті. Делегацияны Елшінің кеңесшісі Игорь Летун басқарды.
Сапардың мақсаты – елордадағы өнеркәсіп және өндіріс кәсіпорындарымен танысу, сондай-ақ негізгі салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау.
Кездесу барысында белорус тарапына өнеркәсіп өндірісі, технологиялар мен инновациялар салаларындағы елорда мүмкіндіктері таныстырылды. Жауап ретінде делегация өкілдері ауылшаруашылық техникасын, агрохимиялық өнімдерді және өнеркәсіп жабдықтарын өндірудегі негізгі құзыреттеріне назар аудара отырып, кәсіпорындардың қызметі туралы айтып берді.