Бүгін, «АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ ҒЗЖИ» ЖШС көрме залында «Жаңа экономика» ASTANA INVEST Девелопмент секторы Жобалық кеңсесінің қолдауымен «Астана қаласының сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» МЮ (СҚҚжЖҚБ) ұйымдастырған «Электрондық сәулет» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда әзірлеуші-компанияның өкілі Арина Ахметжанова электрондық сәулет жүйесін таныстырды (http://www.saulet.astana.kz/decor/).
Іс-шара қатысушылардың қызығушылығын тудырды, жобалық және құрылыс компаниялары осы СҚҚжЖҚБ электрондық қызметінің мүмкіндіктері мен келешегімен танысты, түрлі жұмыс мәселелері талқыланды, пікір және сындарлы ұсыныстар алмасылды.
СҚҚжЖҚБ басшысының орынбасары Габбас Бергалиев алдағы уақытта осындай семинарларды өткізу туралы хабарлады: «Бұл іс-шаралар компаниялардың кәсіби дамуы мен құзыреттілігінің өсуіне пайдалы әсер етеді деп санаймыз,бұл өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының барлық құрылыс секторының дамуына және жалпы инвестициялық тартымдылыққа ықпал етеді».
Анықтама: