АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Мемлекеттік сатып алуда басымдығы бар отандық тауарлардың тізбесі кеңейтілді

stay

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында баяндады. 

Министрдің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайызға өскен. Қара және түсті металлургияда, химия, машина жасау салаларында және жиһаз өндірісінде оң динамика байқалады. Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы мақсатқа жетудің негізгі тетігі отандық өндірісті қолдау болып саналады. Ол үшін бірқатар заңнамалық өзгерістер қабылданды. 
 
«Мемлекеттік сатып алуда басымдығы бар отандық тауарлардың тізбесі кеңейтілді. Оффтейк-келісімшарттар жасасу тетігі пысықталды. Нысандарды салу кезінде мемлекеттік бюджет есебінен қазақстандық өндірістің тауарларын пайдалану бойынша бақылау енгізілді. ҚПҚ жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық тауарларды жеткізуге шарттар жасасу, көмірсутег шикізаты және уран жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында отандық тауарларды сатып алу бойынша талаптар белгіленді», - деді Қанат Шарлапаев. 

Оның айтуынша, табиғи монополиялар субъектілері үшін конкурстық өтінім бағасын 10% төмендету есебінен отандық тауарларды сатып алуға басымдық белгіленген. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу шарттары жетілдірілген. 

Министр ОТӨ-ні қолдаудың жаңа шараларын сәтті қолдану мысалдарын атап өтті. Бұл «Радуга» ЖШС, оның өндірісінің жүктемесі қағаз өнімдерін мемлекеттік сатып алудың арқасында 12 пайыздан 100 пайызға дейін ұлғайды. «Лакра» ЖШС және «Marschall»  ЖШС мемлекеттік сатып алуларға қатысу есебінен өндіріс жүктемесінің айтарлықтай өскенін көрсетті. 2024 жылдың сәуір айында іске қосылған «Metal Former» ЖШС зауыты 3,6 млрд теңгеге өнім өндіріп, «Жайлы мектеп» жобасының арқасында өндірістің толық жүктелуіне қол жеткізген.