АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Шетелдік инвестиция, кәсіпкерлік, сауда: елордада жыл басынан бері қандай шаруалар атқарылды

stay

Қазіргі уақытта елордада 234 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері белсенді жұмыс істеп жатқанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға көп екенін айтты. Ал оларда 500 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл елорданың экономикалық белсенді халқының 74%-ын құрайды. Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанында кәсіпкерлер 3,3 триллион теңгеден астам сомада тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шығарды. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 26%-ды құрады. Осылайша, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны күн сайын артып келеді.

«Астанада кәсіпкерлікті қолдаудың барлық негізгі шаралары инфрақұрылымдық қолдау, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру түріндегі шаралар көрсетілген 2023-2027 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасы бекітілді.

Осы бағдарлама аясында 2024 жылы ШОБ-ты қолдауға бюджеттен 32,5 млрд теңге (РБ – 23 82836 млн теңге, МБ – 8 6398 млн теңге) қарастырылған.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама аясында жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын «Астана бизнес» жеңілдікті кредит беру бағдарламасы жұмыс істейді. 2024 жылы осы бағдарламаға 2,5 млрд теңге қарастырылған. 

«Биыл 7 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсуінде оң динамика сақталуда, ол 796 млрд теңгені құрады (өсу 14,7%). 

Жеке инвестициялардың үлесі жалпы тартылған инвестициялар көлемінің 75%-дан астамын құрайды – 592 млрд. теңге (өсу 11,2%). 

Биыл жыл соңына дейін инвестициялар көлемін 1,7 трлн теңге деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың ашылуы және тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық беріледі. 

Осы жылдың бірінші тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 383,6 млн АҚШ долларын құрады. 2024 жылға арналған жоспар – 1 135 млн АҚШ доллары. 

Елордаға инвестиция салушы елдер арасында ең белсенділері: БАӘ, Түркия Республикасы.

Қазіргі уақытта елордада инвестициялар көлемі 6,7 трлн теңгені құрайтын 650-ден астам жоба жүзеге асырылуда. Биыл біз 4,1 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 272 млрд теңге көлеміндегі 55 жобаны іске қосу міндетін қойдық», – деді басқарма басшысы Халел Әкімжанов.

Ал сауда және қызмет көрсету саласы қаланың экономикасының негізі ретінде танылады және ЖӨӨ-нің (жалпы өңірлік өнім) 80,6%-ын құрайды. 

2024 жылдың алғашқы алты айында бөлшек сауда айналымы 1,1 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық. Көтерме сауда айналымы да өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады, деді басқарма басшысы.