«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы Еуразиялық даму банкі өкілдерімен кездесті

stay
stay
[HTML]

2020 жылдың 7 ақпанында «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы Ержан Балтаев Еуразиялық даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Исеновпен және Еуразиялық даму банктің Бизнесті дамыту бойынша атқарушы директоры Әсем Кернебаевамен кездесті.

Кездесу барысында қос тарап Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында бірлесе жұмыс атқару мүмкіндіктерін талқылады.

Өз кезегінде «Astana Invest» қаладағы маңыздылығы жоғары инвестицияны талап ететін жобалардың таныстырылымын өткізді. ЕАДБ-нің стратегиялық басты бағыттарының бірі – мемлекеттік-жекешелік әріптестік бастамаларын іске асыру екенін айта кеткен жөн.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қала инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері мен қаланың коммуналдық қызметтері жұмысын жақсарту мақсатында зерттеу жүргізуге бағытталған техникалық қолдау көрсету туралы меморандумға қол қоятын болып келісті.

Анықтама:
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) - қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсуіне, олардың сауда-экономикалық қарым-қатынасы мен еуразиялық кеңістікте инвестициялық жұмыстар жүргізу арқылы біріге дамуына ықпал ету мақсатында құрылған халықаралық қаржы ұйымы.