«Елберен» серіктестігі қағаз өнімдері мен химиялық заттар өндірісімен айналысады, ал «Barys E&T» ЖШС радиостанциялар мен электронды құрылғыларды шығарады.
«Екі кәсіпорынның өндірістік қуаты әсерлі болғанымен, қолдауды қажет етеді. Бұл мәселелер тұрақты комиссияның жұмыс отырыстарында талқылайтын боламыз» — Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының төрағасы Каналимов Ерлан Ермекұлы атап өтті.
Бүгінгі таңда елордада екі арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді: «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополис». Біріншісінің құрамына 598 гектар аумақты алып жатқан Индустриялық парк №1 кіреді. Мұнда 245,82 млрд теңге сомасына 57 жоба іске қосылып, 5893 тұрақты жұмыс орны ашылған. «Астана – жаңа қала» СЭЗ-і құрылған сәттен бастап өндіріс көлемі 7 434 млрд теңгеге жетті, экспорт көлемі – 140,15 млрд теңгені құрады, ал салықтық түсімдер көлемі 230 млрд теңгеден асты.