ИНВЕСТИЦИЯЛАР САНДАРДА

[HTML]

2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында Нұр-Сұлтан қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 122,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 53,2%-ға көп.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты 91,6% (112 млрд. теңге) құрайды, бюджет қаражатына 6,1% (7,5 млрд. теңге), басқа да қарыз қаражаттарына 2,0% (2,5 млрд. теңге), банк несиелері - 0,3% (0,3 млрд. теңге) тиесілі.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялар 8,5 есе артып, 49,5 млрд. теңгені құрады (2019 жылғы қаңтар-наурыз айларында - 5,8 млрд. теңге).

Шетел инвестицияларының үлесі 7,3% -дан 40,5% -ға дейін өсті. Жан басына шаққандағы инвестициялар көлемі 107,2 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,3% -ға жоғары.

Қаланың негізгі инвесторы - бұл инвестициялардың жалпы көлемінің 85,7% -ын құрайтын шағын бизнес (ірі бизнес - 8,5%, орта бизнес - 5,8%).

Пайдалану салалары бойынша инвестициялардың едәуір өсуі жылжымайтын мүлік операцияларына (52,7 млрд. теңге немесе 134,7%), өнер, ойын-сауық және демалыс салаларына (10 млрд. теңге немесе 6 830,4%) қатысты.

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті