АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Бүгін мәслихат депутаттары Астанадағы Индустриялық парк аумағындағы бірқатар нысандарды аралады

stay

Олар «Metal Former» шатыр және қаптау материалдарын өндіру зауытында, «STADLER» жолаушылар вагондарын салу зауытында, «SWISSGROW» тыңайтқыштар және құрамында азот бар қоспалар өндіру зауытында және «Paving Stone Company» бетоннан ұсақ бөлшекті бұйымдар өндірісінде болды. 

Сонымен қатар, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, медициналық және кеңсе жиһаздары мен металл бұйымдарын шығаратын YDA көпсалалы зауытына барды. 

Депутаттар осы кәсіпорындарда қолданылатын өндірістің ерекшеліктерімен, шығарылатын өнімдермен және инновациялық технологиялармен танысты.