АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Қазақстан мен Түркіменстан іскерлік ынтымақтастықты нығайтуда

stay
stay
stay
stay
stay

Қазақстан астанасына түрікмен кәсіпкерлерінің делегациясы келді. Түркменстанның тоқыма өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын өндіру саласының өкілдері үш күн ішінде Астана мен Қазақстанның орасан зор инвестициялық әлеуетін зерттеді.

Іскерлік тур аясында Түркіменстаннан келген кәсіпкерлер Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшылығымен Astana Invest және Астананы дамыту орталығы ЖШС-мен кездесті. 

Қонақтарға инвестициялық жобаларды іске асыру тетіктері - елордалық арнайы экономикалық аймақ шеңберінде және инвестициялық келісімшарт бойынша ақпарат берілді.

Алғы сөзінде басқарма басшысы Халел Әкімжанов биыл “Астана-Технополис” ЕЭА екінші индустриялық паркі бойынша ТЭН түзетуді аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Инфрақұрылым құрылысын бастау 2025 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, елордада аграрлық-индустриялық аймақты құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу орналастырылады және логистикалық парк іске асырыла бастайды, бұл тауарларды тасымалдауға шығындарды азайтуға, жеткізу процесін жеделдетуге және өңірдегі логистикалық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Түркімен бизнес-қоғамдастығының өкілдері “Астана-Технополис” ЕЭА аумағында тоқыма және құрылыс битум өндірісін орналастыру мүмкіндігіне, Қазақстанда өнімді өткізу мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

Сапарды “Астана” дипломатиялық клубы Түркіменстандағы ҚР Елшілігінің қолдауымен екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту және екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс шеңберінде ұйымдастырды.