Ақпарат беру желісі
2015 жылғы 18 қарашадағы №410–V ҚРЗ Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады. Оның негізгі міндеті — осы ұйым мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету. Бұл ретте комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделер қақтығысы қаупі ескеріле отырып тағайындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өз өкілеттіктерін атқару кезінде атқарушы органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінің лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз болып табылады, Директорлар кеңесіне, Бақылау кеңесіне (болған жағдайда) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау барысында дербес қызмет етеді.
"AstanaInvest" қалалық инвестицияларды дамыту орталығы" ЖШС комплаенс-офицерінің қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі мына құжаттармен айқындалады:
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы;
Серіктестіктің Бақылау кеңесінің шешімдері;
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтер туралы бірыңғай ереже;
Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттары.
Комплаенс-офицер қызметінің мақсаты:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, Серіктестікте сыбайлас жемқорлықты жоққа шығаратын және адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ететін ішкі құқықтық және корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
Міндеттері:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай саясат жүргізу;
Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер арасында кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру;
Лауазымды тұлғалардың, қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тартылу қаупін барынша азайту;
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оған қарсы тұруға және оның салдарын азайтуға бағытталған антикоррупциялық стандарттарды әзірлеу және енгізу;
Қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Серіктестіктің осы саладағы ішкі нормативтік құжаттарын қатаң сақтау дағдысын тәрбиелеу;
Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарында сыбайлас жемқорлық қаупі бар факторлардың болуына жол бермеу;
Жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында ашықтықты, адал бәсекелестікті және объективтілікті қамтамасыз ету.
Телефон горячей линии: +7 (7172) 919-057 +7 (7172) 919-055
Қызметкерлерге арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» жадынама
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген кейбір өзгерістер туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел желінің жұмыс тәртібі туралы ереже
Күдік туындаған жағдайлар туралы хабарлау тәртібі туралы ереже