ASTANA CITY OF INVESTMENT
en

Қуатты кәсіпорын – даму драйвері

stay
stay
stay

Астана қаласының арнайы экономикалық аймағында көптеген кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл аймақ елорданың негізгі инвестиция­лық орталығына да айналып отыр. Инвестиция тарту бойынша №1 Индустриялдық парк айрықша рөл атқарады. Мұнда жалпы инвестиция сомасы 322 миллиард теңге болатын 100 жоба жүзеге асырылып жатыр. Парк өндіріс ауқымы жағынан республикада бірінші орын алады. Халық шаруашылығына қажетті сан алуан тауар өндіретін өндіріс нысандарында мыңдаған адам жұмыспен қамтылып отыр.

Арнайы экономикалық аймақтағы «Астана – жаңа қала» және «Астана-Технополистің» басқарушы компаниясы болып «Astana Invest» инвестицияларды дамыту орталығы саналады. №1 Индустриялдық паркте өнеркәсіптік объектілерінің инвестициялық портфелі нақты салынған 112 жобаны құрайды.

Толығырақ «ASTANA AQSHAMY» республикалық қоғамдық-саяси газетінде: https://astana-akshamy.kz/qwatty-kaesiporyn-damw-drajveri/.