АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛАСЫ
kz

Сауда - Қазақстан Республикасының экономикалық қызметінің ірі салаларының бірі және оны дамыту – экономиканың табысты жұмыс істеуінің шарттарының бірі. 2003 жылдан бастап республиканың жалпы ішкі өніміндегі саланың үлесі кемінде 11-12% құрайды. 2022 жылы республиканың жалпы ішкі өніміндегі саланың үлесі 17% құрады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша саудада экономикалық белсенді халықтың жалпы санының 17%-ы жұмыспен қамтылған.

Бөлшек сауда айналымы 2022 жылы 15,8 трлн. теңге, 2021 жылдың ұқсас кезеңіне номиналды мәндерде 15,3%-ға өсуді көрсете отырып.

Көтерме сауданың тауар айналымы 2022 жылы 34,9 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәндерде 12,2%-ға ұлғайды.

ҚР Сыртқы сауда айналымы 2022 жылы 1 132,8 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық.

ҚР экспорты 2022 жылы 8 82,8 млрд құрады, бұл барлық сыртқы сауда айналымының 62,3% құрайды. Сол кезеңдегі Импорт 5 50 млрд құрады, бұл барлық сыртқы сауда айналымының 37,7% құрайды.

Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы саланы дамыту үшін жағдайлар жасайды. Инвесторларға жеңілдетілген несие шарттары, кедендік баждар, салықтық жеңілдіктер және заттай гранттар ұсынылады.