Химия өнеркәсібі Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі болып табылады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша химиялық өнім өндіру көлемі 907,8 млрд. теңгені құрады (2021 жылы – 554,7 млрд.теңге).
Қазақстанның кәсіпорындары ішкі нарықта ғана емес, экспортқа да жұмыс істейді. Химиялық өнімнің негізгі көлемі Ресейге, Қытайға және Өзбекстанға жіберіледі.
2022 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар 229,9 млрд теңгені құрады (2021 – 462,6 млрд теңге).
Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы саланы дамыту үшін жағдайлар жасайды. Инвесторларға жеңілдетілген несие шарттары, кедендік баждар, салықтық жеңілдіктер және заттай гранттар ұсынылады.