Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі Қазақстан экономикасының басым бағыттары болып табылады.
Соңғы бес жылда қағаз және жиһаз өнімдерін өндіру көлемінің тиісінше 107% және 69%-ға өсуі байқалады. 2022 жылы қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі 120,8 млрд теңгеге, ал жиһаз өндірісі 64,7 млрд теңгеге жетті.
Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі саласындағы қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтан басқа, өнімді шетелде өткізуге де бағдарланған. Осылайша, Қазақстаннан ағаш, ағаш материалдары мен целлюлоза-қағаз бұйымдарының экспорты 2022 жылы 140,9 млн. АҚШ құрады. Экспорттың негізгі бағыттары: Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей.
Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар өткен жылы 13,3 млрд теңгені құрады.
Осы салаға инвестицияларды тарту мақсатында республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде инвестициялық преференциялар, кредиттеудің жеңілдікті шарттары және арнайы-экономикалық аймақтар шеңберінде салықтық жеңілдіктер түрінде қолдау көрсетіледі.