Astana Invest қызметкерлері Татарстанда орналасқан «Алабуга» ерекше экономикалық аймағына (ЕЭА) сапар жасады.
Бұл орталық жоғары технологиялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға қолайлы жағдай жасайды. «Алабуга» ЕЭА 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді және бүгінгі таңда инвесторларға дайын инфрақұрылым ұсынады, оның ішінде өнеркәсіптік, инженерлік, көлік және кедендік нысандар бар.
Сапар барысында Astana Invest қызметкерлері келесі кәсіпорындармен танысты:
Өзінің жұмыс істеу барысында «Алабуга» ЕЭА үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, Ford-Sollers, 3M, Armstrong, Saint-Gobain, Air Liquide, Rockwool және Hayat Group сынды әлемдік ірі компаниялар қатарынан 60-тан астам резидентті тарта алды. Сондай-ақ бұл ерекше экономикалық аймақ халықаралық аренада мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін растай отырып, әлемдегі ең үздік 40 ерекше экономикалық аймақ қатарына кірді.
«Алабуга» ЕЭА-на сапар ынтымақтастық пен инвестицияларға жаңа мүмкіндіктер ашатын тамаша тәжірибе болды.