АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

«Астанада туризмді дамытудың 2023 жылға арналған жоспары» тақырыбында брифинг өтті

stay
stay

26 қаңтарда Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Astana Invest Төрағасының орынбасары Жалғас Молжігіт «Астанада туризмді дамытудың 2023 жылға арналған жоспары» тақырыбында брифинг өткізді.

✅ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұру құнының 5% мөлшерінде туристік алым енгізілді.




Келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

- Халықаралық әуежайда заманауи жаңартылған ақпараттық дүңгіршекті орнату;

- Қалада өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы 15 билборд орнату;

- Медициналық веб-сайтты әзірлеу;

- Халықаралық іскерлік іс-шараларға 12 өтінім беру;

- 16 серіктеспен, оның ішінде қауымдастықтар мен корпоративтік сектор өкілдерімен келісімдерге қол қою;

- Туризм саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған Visit Astana бағдарламасы бойынша келісімдерге қол қою;


- Мақсатты жарнама арқылы цифрлық кеңістікте туристік әлеуетті ілгерілету;

- Visit Astana брендін танымал ету үшін брендтік өнімдер шығару;

- Comic Con фестивалін өткізу;

- Оқиға туризм саласын дамыту үшін қалада өтетін кем дегенде 20 іс-шараға қолдау көрсету;

- Астананың туристік әлеуетін көрсету мақсатында 4 роудшоу өткізу.