АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

«Астана-жаңа қала» АЭА аумағында респираторлар шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда

stay

FFP2 және FFP3 класты респираторлар шығаратын жаңа кәсіпорын «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталып, жобаны ағымдағы жылдың қазан айында іске қосу жоспарлануда.


Жобаны іске асыру барысы ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінде «MFA Maske» түрік компаниясының басшылығымен талқыланды.


«MFA Maske» Басқарма Төрағасы Фатих Фуртунның айтуынша, бұл жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Бірінші кезеңде өндіріс қуаты жылына FFP2 және FFP3 класты респираторлардың 2,5 млн. бірлігін құрайды. Екінші кезеңде – газқағарлар мен сүзгілерді, сондай-ақ эвакуациялауға арналған өздігінен тотығатын маскаларды өндіруді қоса алғанда, жылына 10 млн.бірлік. Сонымен қатар, өнімнің 50% - Ресей мен Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарлануда.


Жобаны іске асыру 100-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.