Astana Invest фронт-офисінде «KazBeef Processing» бас директорымен кездесу өтті

stay
stay
Astana Invest фронт-офисінде Astana Invest Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Әуез Тыныбеков пен «KazBeef Processing» бас директоры Азамат Орумбаевтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар агроиндустриялық аймақты (АИА) дамыту аясында инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Аумағы 87 гектарды құрайтын елорданың АИА-сы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және азық-түлік өндіру кәсіпорындарын орналастыруға арналған.

«KazBeef Processing» компаниясы «Kusto Group» тобының құрамына кіреді және Қазақстандағы ірі агроөнеркәсіптік компаниялардың бірі болып табылады. Компанияның қызметі асыл тұқымды ірі қара малды өсіру және көбейтуді, жемшөп өндірісін, етті өңдеуді және дайын өнім шығаруды қамтиды.