Astana Invest Басқарма төрағасының орынбасары Сұлтан Достанов China Energy Overseas Investment компаниясының өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Тараптарға Астананың инвестициялық мүмкіндіктері, инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдіктер мен преференциялар туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетіктері және алдағы әріптестіктің әлеуеті қарастырылды.
China Energy Overseas Investment энергетика, инфрақұрылым, инженерлік желілер және инвестиция салаларында жұмыс істейтін ірі халықаралық құрылымдардың бірі саналады. Компания энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым, экология, су ресурстары, сондай-ақ құрылыс және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарында кең ауқымды қызмет жүргізеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдіріп, алдағы уақытта бірқатар жұмыс кездесулерін өткізуді жоспарлады.