АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Astana Invest Басқарма Төрағасы Ануар Нигматов Германия делегациясымен кездесті

stay
stay

2022 жылғы 20 желтоқсанда Astana Invest Басқарма Төрағасы Ануар Нигматов Германия делегациясымен кездесті.




Германия делегациясын Бундестаг депутаты Кристиан Гёрке («DIE LINKE» солшыл партиясы) басқарды.

Делегация еркін экономикалық аймақтарға, Қазақстанның салық саясатына және т.б. мәселелерге қызығушылық білдірді.




Өз кезегінде Astana Invest басшылығы делегацияны АЭА жұмыс істеу тетіктерімен және инвестициялық келісімшартпен, сондай-ақ бизнесті мемлекеттік қолдау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырды.